Аквакультураның инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу: Балық шаруашылығы ҒӨО зерттеулерінің нәтижелері

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС 2024–2026 жылдары BR23591065 «Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді инновациялық технологиялар мен аквакультураның жаңа объектілерін әзірлеу және енгізу» ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асырды.

Бағдарлама бағалы балық түрлерін өсірудің құрама технологияларын апробациялау мен енгізуге, аквакультураның жаңа объектілерін көбейтудің биотехникасын әзірлеуге, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерінің генетикалық құрылымын ескере отырып, олардың жөндеу-аналық үйірлерін қалыптастыруға бағытталған.

Индустриялық балық өсіру, генетика, гидробиология және аквакультура объектілерін азықтандыру саласындағы зерттеулерді біріктіру отандық аквакультураны әртараптандыруды ғылыми негіздеуге, балық өсіру шаруашылықтарының экономикалық тиімділігін арттыруға және Қазақстанда балық өнімдерін импортты алмастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Зерттеулердің негізгі бағыттары

Бағдарлама шеңберінде мамандар Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде аквакультураның бағалы әрі перспективті объектілерін өсіру биотехнологияларын әзірлеу және жетілдіру бойынша зерттеулер жүргізді.

Жекелеген бағыт бақтақты (радужная форель) өсірудің құрама және бассейн-тоған әдістерін әзірлеуге, сондай-ақ оны артезиандық және аралас сумен қамтамасыз ету жағдайларында өсіру тиімділігін салыстырмалы бағалауға арналған.

Жұмыстың маңызды бөлігі бекіре балықтарының (соның ішінде сібір бекіресі мен сүйрік) жөндеу-аналық үйірлерін қалыптастырумен және Жайық-Каспий мен Ертіс бассейндеріндегі ақбалық (нельма) пен сүйріктің (стерлядь) популяциялық-генетикалық зерттеулерімен байланысты.

Сонымен қатар, ғалымдар аквакультураның жаңа объектілерін — Розенберг тұщы су шаянын (соның ішінде австралиялық қызыл шеңгелді шаянмен поликультурада) және оңғақты (линь) жасанды өсіру мен өсірудің биотехникасын әзірлеп, олардың өсуі мен өміршеңдік ерекшеліктерін зерттеді. Бұдан бөлек, бақтақ өсіруде гаммарусты азықтық қоспа ретінде пайдалану тиімділігін бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді.

 

Ғылыми жарияланымдар және практикалық маңыздылығы

Зерттеу нәтижелері отандық және шетелдік жетекші ғылыми басылымдардағы жарияланымдарда, сондай-ақ пайдалы модельдерге рәсімделген қорғау құжаттарында көрініс тапты.

 

Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін журналдардағы мақалалар:

  1. Aitkaliyeva A. et al. Experience of forming repair and brood stocks of sturgeon fish: Studies on the example of Siberian sturgeon and sterlet. Caspian Journal of Environmental Sciences, 2025, 23(2), 385–396. DOI: https://doi.org/10.22124/cjes.2025.8720
  2. Barakov R. T. et al. Morphological patterns of sterlet (Acipenser ruthenus L.) in the Zhaik–Caspian and Irtysh basins (Central Asia, Kazakhstan): a comparative analysis. Fishes, 2026, 11(3), Article 164. DOI: https://doi.org/10.3390/fishes11030164
  3. Barakov R. et al. Phenotypic variability and adaptive differentiation of tench (Tinca tinca L.) from Aquaculture and Natural Populations In Southern Kazakhstan. Fishes, 2026, 11(4), Article 238. DOI: https://doi.org/10.3390/fishes11040238
  4. Barakov R.T. et al. Biomorphological Indicators of Rainbow Trout (Oncorhynchus mykiss) Fry: Comparative Analysis in the Conditions of the Lower Kolsay and Fish Farms. OnLine Journal of Biological Sciences, 2026, 26(1), Article 23. DOI: https://doi.org/10.3844/ojbsci.2026.26.01.023
  5. Assylbekova S.Z. et al. Population Status and Conservation of Sterlet (Acipenser ruthenus L.) in the Transboundary Irtysh River Connecting China, Kazakhstan, and Russia: Evidence from Long-Term Monitoring and Broodstock Development. Fishes, 2026, 11(8), Article 464. DOI: https://doi.org/10.3390/fishes1108464

 

ҒЖБССҚК ұсынған басылымдардағы мақалалар:

  1. Бараков Р.Т., Шарахметов С.Е., Исбеков К.Б., Нуртазин С.Т. Морфологическая изменчивость сазана Cyprinus carpio (Linnaeus, 1758) в водоемах Балкаш-Алакольского бассейна. Центральноазиатский журнал исследований водных ресурсов. – 2024. – Т. 10, № 2. – С. 26–44.
  2. Ситахметова Г.Қ. Оценка морфологических признаков сибирского осетра на ранних этапах онтогенеза. Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина (междисциплинарный). – 2024. – № 3 (122). – С. 37–45. DOI: https://doi.org/10.51452/kazatu.2024.3(122).1726
  3. Абилов Б. И. и др. Комбинированный метод выращивания форели в условиях Алматинской области. Ізденістер, нәтижелер = Исследования, результаты. – 2025. – № 2 (106). – С. 5–17. DOI: https://doi.org/10.37884/2-2025/02
  4. Айткалиева А.А. и др. Особенности выращивания младшего ремонта осетровых рыб р. Иртыш в условиях УЗВ. Ғылым және білім. – 2025. – Т. 5, № 3 (80). – С. 233–244. DOI: https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-3-5-233-244
  5. Куанчалеев Ж.Б. и др. Оценка влияния плотности посадки пресноводной креветки Розенберга (Macrobrachium rosenbergii) на выживаемость и скорость роста. Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина (междисциплинарный). – 2025. – № 3 (127). – С. 257–267. DOI: https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.3(127).2007
  6. Куанчалеев Ж. Б. и др. Опыт искусственного воспроизводства пресноводной креветки Розенберга (Macrobrachium rosenbergii). Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина (междисциплинарный). – 2025. – № 4 (128). – С. 75–86. DOI: https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2080
  7. Oskina A. A. et al. Comparative assessment of the efficiency of rainbow trout (Oncorhynchus mykiss) cultivation under artesian and mixed water supply in basin systems. Animal Husbandry and Aquaculture. – 2026. – Vol. 1, No. 1. – P. 229–237. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-1-229-237
  8. Assylbekova S. Zh. et al. Population Genomics of Nelma from the Upper Ertys. Animal Husbandry and Aquaculture. – 2026. – Vol. 1, No. 2. – P. 219–229. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-2-219-229
  9. Bulekov N. U. et al. Evaluation of the efficiency of basin-pond rearing of rainbow trout (Oncorhynchus mykiss) at the Agricultural Production Cooperative «Trout Kargaly» fish farm. Animal Husbandry and Aquaculture. – 2026. – Vol. 1, No. 3. – P. 3–12. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-3-3-12
  10. Bulekov N. U. et al. Production of Gammarus in natural conditions and evaluation of its use as a feed supplement in the cultivation of rainbow trout. Animal Husbandry and Aquaculture. – 2026. – Vol. 1, No. 3. – P. 63–73. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-3-63-73
  11. Куанчалеев Ж.Б. и др. Опыт выращивания пресноводной креветки Розенберга (Macrobrachium rosenbergii) в поликультуре с австралийским красноклешневым раком (Cherax quadricarinatus). Евразийский агротехнический журнал. – 2026. – № 3 (131). – С. 120–130. DOI: https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2229

 

Қорғау құжаттары (Патенттер):

  1. ҚР Пайдалы модельге патент № 10490. Балық өсірудің аралас әдісі. Өтінім № 2025/0245.2, 18.02.2025 ж. Тіркелген. Жариял. 02.05.2025 ж., Бюл. № 18. Патент иеленушісі — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  2. ҚР Пайдалы модельге патент № 10596. Бекіре балықтарының түрлерін сәйкестендіру әдісі. Өтінім № 2025/0267.2, 21.02.2025 ж. Жариял. 23.05.2025 ж. Патент иеленушісі — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  3. ҚР Пайдалы модельге патент № 10643. Балық өсіретін шаруашылықтарда оңғақ өсіру әдісі. Өтінім № 2025/0322.2, 03.03.2025 ж. Жариял. 30.05.2025 ж., Бюл. № 22. Патент иеленушісі — «БШ ҒӨО» ЖШС.
  4. ҚР Пайдалы модельге патент № 12931. Балықтарды жасанды көбейтуге арналған мобильді инкубаторий. Өтінім № 2026/1297.2, 09.06.2026 ж. Жариял. 11.09.2026 ж., Бюл. № 36. Патент иеленушісі — «БШ ҒӨО» ЖШС.

 

Әзірленген технологиялар:

  1. Қазақстанның балық өсіру кәсіпорындарында албырт тұқымдас балықтарды өсірудің құрама технологиялары.
  2. Қазақстан шаруашылықтары жағдайында тұщы су шаянының отырғызу материалы мен тауарлы өнімін индустриялық өсірудің биотехникалық әдістері.
  3. Қазақстан шаруашылықтары жағдайында оңғақтың отырғызу материалы мен тауарлы өнімін индустриялық өсірудің биотехникалық әдістері.
  4. Қазақстан шаруашылықтары жағдайында генетикалық құрылымын ескере отырып, ақбалықтың жөндеу-аналық үйірлерін (ЖАҮ) қалыптастырудың биотехникалық әдістері.
  5. Қазақстан шаруашылықтары жағдайында генетикалық құрылымын ескере отырып, сүйріктің жөндеу-аналық үйірлерін (ЖАҮ) қалыптастырудың биотехникалық әдістері.

 

Енгізу актілері:

  1. Енгізу актісі: «Бастапқы өсіру кезеңінде бассейндерді пайдалана отырып, одан әрі торлы шарбақтарда (садок) өсіру арқылы радужная форельді (бақтақты) құрама өсіру технологиясын енгізу». Енгізу орны: «AQBALYQ KZ» ЖШС, ҚР, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көлді ауылы. Енгізілген күні: 13.08.2026 ж.
  2. Енгізу актісі: «Бастапқы өсіру кезеңінде бассейндерді пайдалана отырып, одан әрі торлы шарбақтарда (садок) өсіру арқылы радужная форельді (бақтақты) құрама өсіру технологиясын енгізу». Енгізу орны: «Иназ» ШҚ, ҚР, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасоркен ауылы, Жасоркен к-сі, 16. Енгізілген уақыты: 03.09.2026 ж.
  3. Енгізу актісі: «Бастапқы өсіру кезеңінде бассейндерді пайдалана отырып, одан әрі торлы шарбақтарда (садок) өсіру арқылы радужная форельді (бақтақты) құрама өсіру технологиясын енгізу». Енгізу орны: «Айжан» ШҚ, ҚР, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жасоркен ауылы. Енгізілген уақыты: 03.09.2026 ж.
  4. Енгізу актісі: «Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында Розенберг тұщы су шаянының отырғызу материалы мен тауарлы өнімін индустриялық өсірудің биотехникалық әдістері». Енгізу орны: «Ailand Astana» ЖШС, ҚР, Астана қ., Nura ауданы, Қорғалжын тас жолы, 2. Енгізілген уақыты: 01.09.2026 ж.
  5. Енгізу актісі: «Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында оңғақтың отырғызу материалы мен тауарлы өнімін индустриялық өсірудің биотехникалық әдістері». Енгізу орны: «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы — 1973» ЖШС, ҚР, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шалқар ауылы. Енгізілген күні: 13.08.2026 ж.
  6. Енгізу актісі: «Генетикалық құрылымын ескере отырып, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында ақбалық шабақтарын өсірудің биотехникалық әдістерін енгізу». Енгізу орны: «OstFish» ЖШС, ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Саратовка ауылы, «Есептік квартал 050» аумағы, 350-ғимарат. Енгізілген күні: 13.08.2026 ж.
  7. Енгізу актісі: «Генетикалық құрылымын ескере отырып, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында ақбалықтың жөндеу-аналық үйірлерін (ЖАҮ) қалыптастырудың биотехникалық әдістері». Енгізу орны: «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» ЖШС, ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Солнечная көшесі, 19-ғимарат. Енгізілген күні: 13.08.2026 ж.
  8. Енгізу актісі: «Генетикалық құрылымын ескере отырып, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында сүйріктің жөндеу-аналық үйірлерін (ЖАҮ) қалыптастырудың биотехникалық әдістері». Енгізу орны: «OstFish» ЖШС, ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Саратовка ауылы, «Есептік квартал 050» аумағы, 350-ғимарат. Енгізілген күні: 13.08.2026 ж.

 

Ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу, өсірудің жаңа объектілерін енгізу және индустриялық балық өсіруді ғылыми қамтамасыз ету — Қазақстанда аквакультураны табысты дамытудың маңызды шарттары.

Алынған ғылыми және практикалық нәтижелер балық өсіру шаруашылықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өсірілетін өнім ассортиментін кеңейтуге және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.