Қазақстанның су биоресурстарын сақтау жолындағы ғылым: Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы зерттеулерінің нәтижелері
«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бірлесіп орындаушы ұйымдармен бірге 2024–2026 жылдарға арналған BR23591095 «Су айдындарының әлеуетін бағалау және қорлар динамикасын модельдеу негізінде су биологиялық ресурстарын сақтау мен тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында су айдындарын кешенді зерттеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын жүзеге асыруда.
Бағдарлама Қазақстан су айдындарының биологиялық алуантүрлілігін зерттеуге, су экожүйелері мен балық қорларының жай-күйін бағалауға, кәсіптік балықтардың ауруларын зерттеуге, сондай-ақ су биологиялық ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдаланудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеуге бағытталған.
Бағдарламаны іске асыруға «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Гидробиология және экология институты» мекемесі және «Жүйелік зерттеулер компаниясы „Фактор“» ЖШС қатысуда.
Гидробиология, ихтиология, ветеринария, микробиология, вирусология және математикалық модельдеу салаларындағы ғылыми әлеуетті біріктіру су экожүйелерінің жай-күйін кешенді зерттеуге және балық шаруашылығындағы шешімдерді қабылдаудың ғылыми негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеулердің негізгі бағыттары
Бағдарлама аясында мамандар балық шаруашылығы су айдындарына кешенді зерттеулер жүргізіп, су организмдерінің түрлік құрамы мен жай-күйін зерделейді, бөгде түрлерді анықтайды және экожүйелердің сыртқы әсерлерге төзімділігін бағалайды.
Жеке бағыт кәсіптік балықтардың ихтиопатологиялық зерттеулеріне және жұқпалы аурулардың таралу қаупін төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге арналған. Жұмыстың маңызды бөлігі Каспий итбалығы өлім-жітімінің себептерін, табиғи және антропогендік факторлардың оның популяциясына әсерін, сондай-ақ Каспий теңізі фаунасының бірегей өкілін сақтау перспективаларын зерттеумен байланысты.
Ғалымдар сонымен қатар экспорттық әлеуеті бар құнды су биоресурсы — гаммарусты зерттеп, оны тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін әзірлеуде. Балық қорларын басқаруды жетілдіру мақсатында математикалық модельдеу, балықтардың санын бағалау және шекті рұқсат етілген аулау көлемін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ғылыми жарияланымдар және практикалық маңызы
Зерттеу нәтижелері отандық және шетелдік ғылыми басылымдардағы жарияланымдарда, әдістемелік ұсынымдарда, монографияларда және практикалық қолдануға арналған әзірлемелерде көрініс табуда.
Scopus дерекқорында индекстелетін журналдардағы мақалалар
- Barakov R.T. et al. Biological and ecological characteristics of common carp (Cyprinus carpio Linnaeus, 1758) in Kapchagay Reservoir, Kazakhstan. Egyptian Journal of Aquatic Research, 2024. DOI: https://doi.org/10.1016/j.ejar.2024.07.004
- Satbek A. et al. Diet Composition and Trophic Niches of the Fish Community in Lake Balkhash. Diversity, 2026, 18, Article 201. DOI: https://doi.org/10.3390/d18040201
- Aubakirova M. et al. Long-Term Variability in Zoobenthic Communities in Lake Balkhash (Kazakhstan): Community Composition, Taxonomic Richness, and Potential Drivers. Diversity, 2026, 18(7), Article 409. DOI: https://doi.org/10.3390/d18070409
- Umirtayeva A. et al. Population Structure of Lenok (Brachymystax savinovi) in Lake Markakol and Preliminary Strategies for Species Conservation and Population Recovery. Animals, 2026, 16(16). DOI: https://doi.org/10.3390/ani16162558
- Berdiakhmetkyzy S. et al. Parasitofauna of commercial fish species of the Northern (Small) Aral Sea. International Journal for Parasitology: Parasites and Wildlife, 2026. DOI: https://doi.org/10.1016/j.ijppaw.2026.101225
- Kumar M. et al. Metagenomic Characterization and Molecular Screening of Pathogens in Freshwater Amphipods (Gammarus lacustris) from Kazakhstan: Implications for Aquaculture Biosecurity. Pathogens, 2026, 15(7), Article 663. DOI: https://doi.org/10.3390/pathogens15070663
- Baimukanov M. et al. Distribution patterns of Caspian seal island haul-outs under Caspian Sea regression. Frontiers in Marine Science, 2026. https://www.frontiersin.org/journals/marine-science/articles/10.3389/fmars.2026.1832798/full
- Court R. et al. Rapid decline of Caspian Sea level threatens ecosystem integrity, biodiversity protection, and human infrastructure. Communications Earth & Environment, 2025. DOI: https://doi.org/10.1038/s43247-025-02212-5
- Kumar M. et al. Bacterial Taxonomic Profiling of Freshwater Fish across Hydrographic Basins of Kazakhstan. Fishes, 2026, 11(10), 581. DOI: https://doi.org/10.3390/fishes11100581
- Zhaksylykova A. et al. Occurrence and molecular identification of Paracoenogonimus ovatus and Holostephanus dubinini, with a tentative detection of Diplostomum spathaceum, in commercial fish. German Journal of Veterinary Research, 2026, 6(3), 107–118. DOI: https://doi.org/10.51585/gjvr.2026.3.0205
- Pangereyev B. et al. DNA barcoding of epigean amphipods in Central Asia reveals deep cryptic montane diversity, widespread cross‑steppe dispersal, and range expansion of invasive species. Hydrobiologia, 2026. DOI: https://doi.org/10.1007/s10750-026-06439-x
Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдардағы мақалалар
- Shapen K.M. et al. Mathematical modeling of fish resources assessment. Journal of Mathematics, Mechanics and Computer Science, 2024, 123(3), 147–156. DOI: https://doi.org/10.26577/JMMCS2024-v123-i3-12
- Barakov R.T. et al. Morphological variability of Cyprinus carpio (Linnaeus, 1758) in water bodies of the Balkash-Alakol basin. Central Asian Journal of Water Research, 2024, 10(2), 144–157. DOI: https://doi.org/10.29258/CAJWR/2024-R1.v10-2/144-157.eng
- Аблайсанова Г.М. и др. Қапшағай суқоймасындағы көксеркенің (Sander lucioperca) морфобиологиялық сипаттамасы және қазіргі кездегі жағдайы. Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина, 2025, № 2 (125), 84–96.
- Калымбетова М.Т., Фефелов В.В., Пангереев Б.С. Продуктивность популяций гаммарид в некоторых водоемах Казахстана. Наука и образование, 2025, № 2–5 (79), 199–207. DOI: https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-2-5-199-207
- Тулеуов А. М., Шукуров М. Ж. Батыс Қазақстан облысының негізгі кәсіпшілік су айдындарындағы өзен шаяндары етіндегі уытты элементтер мен радионуклидтердің мөлшерін зерттеу // Ғылым және білім. – 2025. – № 3–5(80). – Б. 307–317. – ISSN 2305-9397.
- Адырбекова К. Б. и др. Қазақстанның әртүрлі су айдындарындағы гаммарустардан Gammarus spp. (Crustacea: Amphipoda) ДНҚ бөліп алу тиімділігі мен сапасын бағалау // Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Ғылым жаршысы: пәнаралық. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, 2025. – № 3 (127). – Б. 71–80. org/10.51452/kazatu.2025.3(127).1996
- Крайнюк В. Н. и др. Рыбец Vimba vimba (L., 1758) (Cyprinidae) – новый инвазивный вид в реке Жайык // Ғылым және білім. – 2025. – № 3–5(80). – Б. 283–295. – ISSN 2305-9397. КОКСНВО.
- Қуанышбекова Г. Қ. и др. Ретроспективный анализ и текущие тенденции заболеваемости промысловых видов рыб водоёмов Ертисского бассейна (Казахстан, Центральная Азия) // Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени Сакена Сейфуллина: междисциплинарный. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, 2025. – № 2 (125). – Р. 108–117. org/ 10.51452/kazatu.2025.2(125).1893
- Shapen K.M., Akhmedov A., Rakhymova A.T. Application of Bayesian analysis for comprehensive assessment of the state of fish resources in freshwater ecosystems // Вестник КазНПУ им. Абая. Серия: Физико-математические науки. – 2024. – № 4 (88). – С. 71–80.
- Pangereyev B., Assylbekova S., Fefelov V. Evaluation of the biochemical composition and nutritional value of Gammarus // Bulletin of Shakarim University. Technical Sciences. – 2025. – № 2(18). – P. 200–206.
- Аблайсанова Г.М. и др. Іле–Балқаш бассейнінің жергілікті маңызы бар су айдындарында Балқаш алабұғасының (Perca schrenki) таралуы. Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты, 2025, № 4 (108), 74–84. DOI: https://doi.org/10.37884/4-2025/09
- Ablaisanova G. et al. Assessment of the Current State of Ichthyofauna in the Rivers of the Zhambyl Region (Southeastern Kazakhstan). Animal Husbandry and Aquaculture, 2026, 1(2), 335–346. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-2-335-346
- Баққожа Ж.М. и др. Қапшағай су қоймасындағы каспий қаракөзі Rutilus Caspicus (Yakovlev 1870) популяциясының морфологиялық белгілерін талдау // Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты. №4 (108) (Dec. 2025), – С. 86–97. https://doi.org/10.37884/4-2025/10
- Тулеуов А. М. и др. Батыс Қазақстан облысының негізгі кәсіпшілік су айдындарындағы өзен шаяндар етінең тағамдық құндылығын зерттеу // Наука и образование: науч.-практ. журн. Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана. – 2025. – Т. 5, вып. 3 (80). – С. 307–317. https://doi.org/10.52578/2305-9397-2025-3-5-307-317
- Oskina A. Comprehensive Assessment of the Ecological Status of the Zhayik River in West Kazakhstan Region Based on Macrozoobenthos Structure and Integrated Biotic Indices. Animal Husbandry and Aquaculture, 2026, 1(2), 196–205. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8572-2026-2-196-205
- Самбаев Н.С. и др. Оценка влияния экологических факторов на биологические показатели промысловых рыб Шардаринского водохранилища (Арало-Сырдарьинский бассейн, Казахстан). Центральноазиатский журнал исследований водных ресурсов, 2026, 12(1), 93–118. DOI: https://doi.org/10.29258/CAJWR/2026-R1.v12-1/93-118.rus
- Suleimenova S.A. et al. Identification of potential bacterial pathogens in the microbiome of wild Cyprinid (Cyprinidae) fish from the Ishim (Esil) River using high-throughput sequencing. Здоровье животных и биобезопасность, 2026, 82(4), 362–373. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8114-2026-4-362-373
- Suleymenova S. et al. Shotgun Metagenomic Sequencing for the Characterization of Bacterial Communities Associated with Gammarus lacustris from Freshwater Ecosystems in Kazakhstan. Animal Health and Biosafety, 2026, 82(4), 374–384. DOI: https://doi.org/10.52578/3134-8114-2026-4-374-384
- Shapen K.M. et al. Assessment of fish population dynamics in Lake Zaisan using a cohort approach based on research and commercial catch data. Bulletin of Abai KazNPU. Series of Physical and Mathematical Sciences, 2025, № 3 (91), 79–90. DOI: https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.007
Қорғау құжаттары
- ҚР пайдалы модельге № 9746 патенті. Гаммарусты аулауға және жинауға арналған құрылғы. Өтінім № 2024/1096.2, 10.09.2024 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
- ҚР пайдалы модельге № 10491 патенті. Ихтиофаунаның биологиялық алуантүрлілігін зерттеу әдісі. Өтінім № 2025/0246.2, 18.02.2025 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
- ҚР пайдалы модельге № 10492 патенті. Ихтиопатологиялық зерттеулер кезінде балықтарды ұстауға және бекітуге арналған құрылғы. Өтінім № 2025/0248.2, 18.02.2025 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
- ҚР пайдалы модельге № 10565 патенті. Паразитологиялық зерттеулер кезінде тірі балықтарды уақытша ұстауға арналған құрылғы. Өтінім № 2025/0333.2, 04.03.2025 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
- ҚР пайдалы модельге № 10566 патенті. Су айдындарындағы бөгде балық түрлерінің құрамын анықтау әдісі. Өтінім № 2025/0335.2, 04.03.2025 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
- ҚР пайдалы модельге № 11201 патенті. Каспий итбалығына арналған жеке тасымалданатын қоршау. Патент иеленуші — «Гидробиология және экология институты» мекемесі.
- ҚР пайдалы модельге № 12875 патенті. Бағалы балық түрлерін азықтандыруға арналған гаммарусты өсіру әдісі. Өтінім № 2026/0823.2, 13.04.2026 ж. Патент иеленуші — «БШ ҒӨО» ЖШС.
Авторлық құқық куәліктері
- «Итбалық дискі» фотосурет туындысы, № 59588, 11.06.2025 ж.
- «Жүректегі итбалықтар» фотосурет туындысы, № 60019, 19.06.2025 ж.
Биоалуантүрлілікті сақтау, балық ресурстарын ұтымды пайдалану және қорларды бағалаудың заманауи әдістерін енгізу — Қазақстанның балық шаруашылығын тұрақты дамытудың маңызды құрамдас бөліктері.
Алынған ғылыми нәтижелер су биоресурстарын басқару жүйесін жетілдіруге және еліміздің табиғи байлығын келешек ұрпақ үшін сақтауға ықпал етуге бағытталған.