Элистадағы Халықаралық сараптамалық диалог: Каспийдің су ресурстарын сақтау саласындағы ынтымақтастық
Spread the love

2026 жылғы 25–28 қазан аралығында Элиста қаласында Б. Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің базасында «Жаһандық өзгерістер мен су ресурстары тапшылығы жағдайындағы Каспий өңірі: бастамалар мен даму перспективалары» тақырыбында Халықаралық сараптамалық диалог өтуде.

Халықаралық сараптамалық диалог жұмысына «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Бас директордың бірінші орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚААА академигі С. Ж. Асылбекова, атқарушы директор, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚААА академигі К. Б. Исбеков және Атырау филиалының директоры Е. Л. Кадимов Каспий өңірінің өзекті мәселелеріне арналған баяндамалар жасады.

Халықаралық сараптамалық диалогтың маңызды нәтижелерінің бірі — Б. Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті (ФМБББМ ЖБ «ҚалмМУ») мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылуы болды.

Меморандум Тараптар арасында академиялық, ғылыми және мәдени салаларда өзара тиімді ұзақ мерзімді халықаралық ынтымақтастық орнатуға бағытталған. Оның жасалуы әріптестік байланыстарды дамытуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға негіз қалайды.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС өкілдерінің Халықаралық сараптамалық диалогқа қатысуы Каспий өңіріндегі өзекті экологиялық мәселелерді талқылауға, ғылыми білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ су биологиялық ресурстарын сақтау және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.