Бүгін, «БШГӨО» ЖШС-нің бас бөлімше қызметкерлері Балқаш филиалының базасын көмегімен Қапшағай су қоймасынан 6 дана ауланған пiлмай балықтарды тасымалдау және қолға үйрету жұмыстарын жүргізуде. Жұмысқа қатысқандар: б.ғ.д., бас директордың орынбасары Асылбекова С.Ж., Балқаш филиалының директоры Куматаев Е.Е., акваөсіру зертханасының меңгерушісі Абилов Б.И. және Балқаш филиалының ғылыми қызметкері, балық өсіруші Махметов И.С.
Жұмыс «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерінің және бөтен гидробионттардың популяциясын зерттеу, сирек кездесетін түрлердің жасанды көбеюі және бөтен балық түрлерінің және басқа да гидробионтарының таралуының алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының тапсырмасы аясында жүзеге асырылады.