2022 жылдың маусым айында «Қазақстан Республикасының тұзды су қоймаларының өнімділігін арттыру мақсатында оларды енгізудің биологиялық негіздемесін әзірлеу мақсатында экспортқа бағытталған биоресурс – Artemia franciscana зерттеу» (Грант №BR10264205) жобасы бойынша «БШҒӨО» ЖШС ғылыми қызметкерлері (Мажибаева Ж.О., Фефелов В.В. және Кожижанова Б.А.,) Солтүстік Қазақстан облысының 7 гипергалинді тұзды көлдері зерттелді: Солёное (Сенжарка), Солёное (Кладбинка), Пасынки, Семилово, Қалибек және салалары, Үшсай, Жамантұз (Рощинское). .
Көлдердің гидрологиялық режимі зерттеліп, гидрохимия, гидробиология, микробиология, генетика, шаян тәрізділер мен олардың кисталарының физика-химиялық құрамы туралы материалдар жинақталды.
Солтүстік Қазақстан облысына экспедициялық сапары барысында су қоймаларынін жандандыру және зерттеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына ҚР МЭГТР Балық шаруашылығы комитетінің «Есіл МБИРХ» РМУ бөлімінің бастығы И.А.Кәкімов қатысты.