25 Мамырдан бүгінгі күнге дейін Атырауского «БШҒӨО» ЖШС Атырау филиалының ғылыми қызметкерлері Жайық өзеннің жас бекіре және жартылай қоныс аударатын жас балықтардың төмен түсу бойынша мониторингтік зерттеулер жүргізуде.
«Аманғалиев Дүйсекеш» кемесінен суды траллау барысында осы кезеңде өткен жылмен салыстырғанда жас бекіре тұқымдас балық түрлері 3 есе көп ауланған. Бүгінгі таңда Жайық өзенінің төменгі ағысында шоқыр мен сүйіріктің табиғи көбеюіне жағдайдың сақталғанын зерттеулер растайды. Ғылыми зерттеулер осы айдың соңына дейін жалғасады.
Жұмыс «Қазақстанның негізгі балық аулау су қоймаларынің балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жай-күйін кешенді бағалау және оларды тұрақты пайдалану бойынша дәлелді ұсыныстарды әзірлеу» бюджеттік бағдарламасының «Жайық-Каспий бассейнінің бекіре балық түрлерінің экологиялық-генетикалық мониторингі» жобасы аясында жүзеге асырылуда.