2024-2026 жылдарға арналған БНҚ «Акваөсіру» ғылыми-техникалық бағдарламасы

BR23591065 Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді акваөсіру технологиялары мен нысандарын әзірлеу және енгізу

Бағдарламаны жасаушы:

«Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

Бағдарламаның мақсаты:

 Балық өнімдерін өндіруді кеңейту және ҚР су айдындарының биоалуантүрлілігін сақтау үшін Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді акваөсірудің инновациялық технологиялары мен жаңа нысандарын әзірлеу және енгізу

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Бағалы балық түрлерін өсірудің аралас технологияларын әзірлеу және енгізу.
  2. Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында перспективалы акваөсіру нысандарын өсірудің тиімді биотехникалық тәсілдерін сынақтан өткізу және енгізу, оларды ДНҚ-маркерлерді қолдана отырып, генетикалық сәйкестендіру.
  3. Генетикалық құрылымын ескере отырып, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген балық түрлерінің ремонтты аналық үйірді қалыптастырудың биотехникалық тәсілдерін әзірлеу және енгізу.

2024 жылғы нәтижелер:

ҚР әртүрлі өңірлерінде бахтах балығын өсірудің аралас технологиялары пысықталды, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында тұщы су шаяндарының отырғызу материалын индустриялық өсірудің биотехникалық тәсілдері әзірленді, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында оңғақ балығының балық отырғызу материалын өсірудің биотехникалық тәсілдері әзірленді, тұщы су шаяндары мен оңғақтың ядролық және митохондриялық ДНҚ маркерлерін қолдана отырып, генотиптеу және түрлік сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ олардың генетикалық құрылымын ескере отырып, Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген балық түрлерінің ремонтты аналық үйірлердің қалыптастырудың биотехникалық тәсілдерін әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Ғылыми жаңалық-балық өнеркәсібі үшін дәстүрлі емес теориялық және технологиялық тәсілдерді әзірлеу арқылы ішкі су айдындарында акваөсіру өндірісін ұлғайту үшін биотехникалық әдістер әзірленді.

Бағдарлама аясында күнтізбелік жоспарға сәйкес 6 ғылыми мақала (оның ішінде 2 КОКСОН),БАҚ-да 12 мақала жарияланды, 5 семинар өткізілді.   

ГОСТ 7.32-2017 сәйкес 2024 жылға арналған аралық есеп дайындалды. Мемлекеттік тіркеу нөмері: 0124РК00932