Коммерцияландыру жобасы:DP21681542 «Экспортқа бағытталған жоғары құнды өнім алу үшін артемия цисталарының (Artemia) терең өңдеу технологиясын енгізу»
Өтінім беруші: «Балық-шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
Грант алушы/Жеке серіктес:«Восток-Аквакультура» ЖШС
Жобаның мақсаты: Дайын өнімнің сапасы мен қосымша құнын арттыруға, Әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін артемия кисталарын терең өңдеу технологиясын енгізу.
Жобаның міндеті:
- Артемия шаяндарын терең өңдеу бойынша жаңа өндірістік цех салу және пайдалануға беру;
- Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бағалау үшін өндірістік-зерттеу зертханасын құру;
- Асшаяндарды құрғақ түрде жеткізу үшін экспорттық келісімшартқа қол қою.
Жобаның орындалған жері:«Восток-Аквакультура» ЖШС (Павлодар облысы).
Жобаны іске асыру мерзімі: 2023-2025 жж.
Жобаны жүзеге асырудан кейінгі кезең: 2026-2028 жж.
Күтілетін нәтижелер:
- Артемия шаяндарын терең өңдеу бойынша жаңа өндірістік цех салынып пайдалануға беріледі;
- Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бағалау үшін өндірістік-зерттеу зертханасы құрылады;
- Асшаяндарды құрғақ түрде жеткізуге экспорттық келісімшартқа қол қойылады.
2023 жылы алынған нәтижелер:
- Жеткізушілерді іздестіріп, іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алуға келісім-шарттар жасалды.
2024 жылы алынған нәтижелер:
- Артемия шаяндарын терең өңдеу бойынша жаңа өндірістік цех салынып пайдалануға берілді;
- Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бағалау үшін өндірістік-зерттеу зертханасы құрылды;
- Құрғақ шаяндарды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.
- Жобаның ресми сайты құрылды
2025 жылы алынған нәтижелер:
- Шығын материалдары сатып алынды;
- Шикізат кептірілді (2024–2025 жж. маусымы) және дайын өнім алынды;
- Дайын өнімге сапа сертификаттары берілді (2024–2025 жж. маусымы);
- Экспорттық құжаттама рәсімделді (2024–2025 жж. маусымы);
- Дайын өнім сатылды.