2022-2024 жылдарға арналған «Бұқтырма уылдырық шашу және өсіру шаруашылығы» ЖШС — мен коммерцияландыру жобасы

Коммерцияландыру жобасы: «Екінші және үшінші балық өсіру аймақтарында амур балықтарының осы жаздық шабақтарын жасанды жолмен көбейту, өсіру және сату».

Өтініш беруші: «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

Грант алушы/жеке серіктес: «Бұқтырма уылдырық шашу және өсіру шаруашылығы» ЖШС

Мақсаты: Табиғи су қоймаларын балықтандыру ету үшін амурдың балық отырғызу материалдарын жасанды түрде көбейту, өсіру және сату үшін III балық өсіру аймағында тоған балық шаруашылығын ұйымдастыру.

Міндеті:

  1. Үшінші балық өсіру аймағында бір жылдық амур балықтарын тоғандарда өсіруге арналған өндіріс орнын құру.
  2. Амур құртшабақтарын алу және оларды шабақ кезеңіне дейін өсіру жұмыстарын ұйымдастыру.
  3. Дайын өнімді сату жұмыстарын  ұйымдастыру (амур балығының осы жаздық шабақтары).

Жобаны жүзеге асыру орны: Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мальковое ауылы, «Бұқтырма» уылдырық шашу және өсіру шаруашылығы» ЖШС.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2022-2024 жж.

Жобаны іске асырудан кейінгі кезең: 2025-2027 жж.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Үшінші балық өсіру аймағында амур балықтарының осы жаздық шабақтарын тоғандарда өсіруге арналған өндіріс орны құрылады.
  2. Амур дернәсілдерін алу және оларды тоғандарда оларды осы жаздық шабақ кезеңіне  дейін өсіру жұмыстары ұйымдастырылады.
  3. Дайын өнімді (амур балығының осы жаздық шабақтары) сату ұйымдастырылады.

2022 жылы алынған нәтижелер: Жеткізушілерді іздеу жүргізілді және қызметті жүзеге асыру үшін жабдықтар мен материалдарды сатып алуға келісім-шарттар жасалды.

2023 жылы алынған нәтижелер: Екінші және үшінші балық өсіру аймақтарында амур балығының осы жаздық шабақтарын тоғандарда өсіруге арналған өндіріс орны құрылды, амур дернәсілдерін алу және оларды осы жаздық шабақ кезеңіне дейін өсіру жұмыстары ұйымдастырылды, соңғы өнімді (амур балығының осы жаздық шабақтары) сату ұйымдастырылды.