
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 02 маусымнан 2025 жылғы 01 шілдеге дейін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты yu_romashov@mail.ru электрондық поштаға жіберуді сұраймыз. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.