«OstFish» ЖШС коммерциаландыру жобасы

Коммерцияландыру жобасы: DP23691971 «Ертіс бассейніндегі Сібір бекіресінің популяциясын толықтыру мақсатында оны жасанды көбейту, өсіру және сату»

Өтінім беруші: «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы»  ЖШС

Грант алушы/Жеке серіктес: «OstFish» ЖШС

Жобаның мақсаты: Табиғи мекендеу ортасындағы популяциясын толықтыру мақсатында табиғи су айдындарын қоректендіру үшін Сібір бекіресінің балық отырғызу материалын жасанды молықтыру, өсіру және сату бойынша Ертіс бассейнінде балық өсіру шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру.

Жобаның міндеті:

  1. Ертіс су бассейнінде Сібір бекіресінің шабақтарын индустриялық өсіру бойынша өндірістік учаске құру.
  2. Сібір бекіресінің дернәсілдерін алу және оларды тіршілікке төзімді шабақтар сатысына дейін өсіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
  3. Түпкілікті өнімді сатуды ұйымдастыру (Сібір бекіресінің шабақтары).Жобаның орындалған жері:«Восток-Аквакультура» ЖШС (Павлодар облысы).

Жобаны іске асыру мерзімі: 2024-2026 жж.

Жобаны жүзеге асырудан кейінгі кезең: 2027-2029 жж.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Ертіс су бассейнінде Сібір бекіресінің шабақтарын индустриялық өсіру жөніндегі өндірістік учаске құрылатын болады.
  2. Сібір бекіресінің дернәсілдері және оларды тіршілікке төзімді шабақтары сатысына дейін өсіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
  3. Түпкілікті өнімді (Сібір бекіресінің шабақтары) сату ұйымдастырылады.