Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Қажманұлы Асанов Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында Жақып Қажманұлы балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше көрнекті тәжірибелік істерге тоқталды. Ол негізделген басқару шешімдерін қабылдау үшін ғылыми зерттеулер жүргізудің және аналитикалық деректерді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Жақып Қажманұлы заманауи технологиялар мен ғылыми негізделген тәсілдерді енгізу ұлттық және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыруға, соның ішінде қоршаған ортаны бақылауға, табиғи ресурстарды ұтымды басқаруға, аквашаруашылық дамытуға ерекше ықпал ететінін айтап айтты.

Жақып Қажманұлы мемлекеттік органдардағы практикалық міндеттерді шешу үшін де, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы үшін де деректерді талдаудың заманауи әдістері мен инновациялық технологияларды қолдануға қабілеті жоғары білікті мамандарды дайындаудың маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік даму стратегияларын жоспарлау мен іске асыруда ғылыми білімді интеграциялауға баса назар аударды.

Мұндай бастамаларды ұйымдастыру мемлекеттік секторды басқарудағы болашақ көшбасшыларды дамытуда шешуші рөл атқарады. Мұндай іс-шараларға қатысу жас мамандардың ой-өрісін кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, әрі қарай кәсіби өсу мен кәсіби әлеуетін іс жүзінде жүзеге асыру үшін алдыға жылжуға және ынталандыруға көмектеседі.