Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар суайдындарында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары

26 наурыздан бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-і мамандарымен (экспедициялық отряд жетекшісі – Минат А., экспедициялық отряд жетекшісі – Қарлыбайұлы С., ғылыми қызметкер – Пангереев Б.С., кіші ғылыми қызметкер – Өтеген С.А., кіші ғылыми қызметкер — Маратұлы Қ. және зертханашы – Абишев Н.Б.) 021 (бағд.тарм. 100) және 267 (бағд.тарм.101) бағдарламалар бойынша Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су айдындарында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстың мақсаты – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар суқойма акваториясы бойынша балық және өзге де су биологиялық қорларының таралуы мен кәсіптік қорларының жағдайын бағалау үшін зерттеу жүргізу.

Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді (гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:

— суайдындардың физико-географиялық және гидрологиялық сипаттамасы;

— гидрохимиялық режимді талдау;

— суайдындардың қоректік қорының жағдайын талдау;

— суқоймалардағы балықтарың түрлік құрамын анықтау.