Қазақстан мен Норвегия аквакультура және қатысты салалардағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде!

2025 жылдың 8 сәуірінде Ослода Қазақстан Республикасының Норвегиядағы Елшілігі мен «East» Сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен ұйымдастырылған алғашқы Қазақстан-Норвегия бизнес кеңесі өтті. Бұл іс-шара екі елдің бизнес қоғамдастығы арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуда және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуда маңызды қадам болды.

 Қазақстанның Норвегиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділ Тұрсынов пен Норвегияның Орталық Азия бойынша Елшісі Йон Квистад құттықтау сөздерін айтып, саяси және экономикалық диалогты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

 Қазақстан жағынан Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің ғылыми қызметкері Р.Т. Бараков аквакультураның қазіргі жағдайы, 2030 жылға дейінгі Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы, мемлекеттік қолдау шаралары және ғылыми қамту мәселелеріне шолу жасады. Сонымен қатар, Қазақстанның инвестициялық жобаларын кеңейтуге, сондай-ақ елдегі бар және жаңа балық өсіру және өңдеу кәсіпорындарында инновациялық технологияларды енгізу үшін ғылыми-тәжірибелік негізді нығайтуға ерекше назар аударылды.

 B2B форматтағы «Optimar» және «Morenot Aquaculture» компанияларымен өткен кездесулер аясында Қазақстанның балық өсіру және өңдеу кәсіпорындарына норвегиялық жабдықтарды трансферлеу, локализациялау және орнату мәселелері талқыланды.

Кеңес барысында логистика, қайта өңделетін энергия, ауыл шаруашылығы, өнімді өңдеу және экспорт, экологиялық технологиялар, өнеркәсіптік қауіпсіздік және цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.