08.07.2021

“Балық шаруашылығы ҒӨО” ЖШС-нің қызметкерлері КТБӨШ жағдайында балық өсіру бойынша семинарға қатысты


2021 жылдың 24 маусымында С. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (бұдан әрі – Университет) «Балық шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығы негізінде «Көлдік тауарлы балық шараушылығы жағдайында балық өсіру. Аквакультурадағы инновациялық әдістер және лимиттер беру» тақырыбында ЖШС «Балық шаруашылығы ҒӨО» Солтүстік филиалы директоры Ә.В. Шуткараев және аталған ғылыми-өндірістік орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ж.К. Куржыкаев қатысуымен ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Семинар «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ қолдауымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «АӨК субъектілерін ақысыз негізде ақпараттық қамтамасыз ету» бағдарламасы аясында Университеттің ғалымдар тобымен өткізілді.

Семинарға 10 облыстан 36 тыңдаушы қатысты, оның ішінде Ақмола-16, Қостанай-4, Қарағанды-5, Батыс-Қазақстан-1, Ақтөбе-2, Қызылорда-1, Солтүстік-Қазақстан-1, Павлодар-1, Атырау – 1 және Түркістан-4.

Семинар барысында теориялық бөлімде тыңдаушылар көлдік тауарлы балық шаруашылығы және аквакультура жағдайында балық өсірудің инновациялық технологияларымен танысты, ал практикалық бөлімде жабық сумен қамтылған қондырғыларда әр түрлі балықтар өсірудің толық өндірістік циклі көрсетілді. ЖШС «БШ ҒӨО» ғалымдары Қазақстан Республикасында Балық шаруашылығын дамыту Бағдарлама және елімізде ішкі су айдындарындағы биологиялық ресурстарын пайдаланудағы ғылыми негіздемелер даярлау тақырыбында баяндамалар жасады. Баяндама тақырыптары семинар тыңдаушыларының қызығушылығын көрсетті. Балық өндіру саласындағы шығындарды субсидиялау және шағын су айдындарында шекті мүмкінді аулам көлеміне биологиялық негіздемелер дайындау төңірегінде көп деген сұрақтар қойылды. Семинарға қатысушылар бүкіл қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар алып риза болды.

Жалпы, семинарға қатысушылар көптеген пайдалы ақпарат алды және семинар соңында Университет және ЖШС «БШ ҒӨО» ғалымдарына балық өсіру және жалпы балық өндірісі дамуы бойынша құнды білім алуға ерекше мүмкіндік жасағаны үшін зор ризашылықтарын білдірді.

 

 

Мінеп-сынау қалтыру

Cіздін email адресініз ашық көрініске жарияланбайды. Required fields are marked *