29.12.2020

2021 жылы еліміздегі балық шаруашылықтары қандай жеңілдіктерге ие болады


Бүгін Үкіметте басшысы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығының даму бағдарламасын таныстырды.

Министрдің сөзінше, балық шаруашылығын табысты дамытуға негізгі 4 фактор әсер етеді. Олар – заңнаманы жетілдіру, сапалы балық шабақтарымен қамтамасыз ету, балық жемі өндірісін жолға қою және кадрлық қамтамасыз ету.

Сол себепті министрлік биыл балық ресурстарын пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің орнына, тоқсан сайынғы төлемді енгізіп, қаржылай жеңілдік жасаған. Балық шаруашылығы су айдындарын балық аулаудан балық өсіруге ауыстыру қағидалары бекітілген. Ал балық шаруашылығын жүргізу үшін 49 жылға шарт жасасудың нақты мерзімі белгіленді. Бұл бизнеске сеніммен инвестиция салуға және ұзақ мерзімді жоспарлар құруға мүмкіндік бермек.

«Сонымен қатар даму жоспарлары аясында балық өсірушілерге қойылатын артық талаптар алынып тасталды. Оларға қойылатын жалғыз талап – балық өсірудің жыл сайынғы көлемін орындау. жыл соңына дейін су қорғау белдеуінде балық өсіру шаруашылықтарын орналастыру бойынша шектеулерді алып тастау туралы нормалар қабылданатын болады. 2021 жылы біз қолданыстағы заңнамаға балық өсіру шаруашылықтарын салу рәсімдерін жеңілдету, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және мемлекеттік сараптамадан өтуді болдырмау бөлігінде өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз», – деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.

Нәтижесінде балық тоғандарын орналастыру жергілікті атқарушы органмен келісілген эскиздік жобалар бойынша жүзеге асырылмақ. Тиісті заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.
Министрдің айтуынша, осы түзетулердің барлығы балық өсіру кезінде табиғи артықшылықтарды тиімді пайдалануға, шығындарды азайтуға және өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Министр саланы табысты дамытудың аса маңызды факторы – бастапқы кезеңде бизнесті субсидиялау екенін де алға тартты.

«10 жыл ішінде жергілікті бюджет есебінен тікелей субсидияларға 136,5 млрд.теңге бөлу қажет. Балықты қайта өңдеу кешендерін құруға және кеңейтуге жұмсалатын шығындарға арналған инвестициялық субсидияларға 36,8 млрд. теңге қажет. Сондай-ақ балық өсіру жобаларына инфрақұрылым жүргізу керек. Оған жергілікті бюджеттен шамамен 7 млрд.теңге талап етіледі», – деді министр.

Мінеп-сынау қалтыру

Cіздін email адресініз ашық көрініске жарияланбайды. Required fields are marked *