19.01.2021

«Қазақстандағы – балық аулау және аквакультура салаларының жағдайы» атты халықаралық онлайн-вебинар


2021 жылдың 18 қаңтарында «Қазақстандағы – балық аулау және аквакультура салаларының жағдайы» атты халықаралық онлайн-вебинары ұйымдастырылды.   Балық аулау және аквакультура саласының жағдайы туралы виртуалды брифинг сессиясы «Орталық Азиядағы балық аулау және аквакультураны басқарудың әлеуетін арттыру» (І кезең – аквакультура және тағам қауіпсіздігі) жобасы аясында ұйымдастырылған бірқатар веб-брифингтер мен пікір талас форматында өтті. Жоба Түркия Республикасының Үкіметі қаржыландыратын ФАО-Түркия Азық-түлік және ауыл шаруашылығы серіктестігі бағдарламасы (FAPP II) шеңберінде жүзеге асырылуда. Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан  мақсатты елдер болып табылады. Алдағы уақытта ай сайын жеті елдің әрқайсысы үшін веб-семинарлар ұйымдастырылатын болады, олар әр елдің ағылшын атауына сәйкес алфавит бойынша тізімделеді. Вебинар барсында Қазақстан Республикасы тарапынан Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің балық ресурстарын ұдайы өндіру және аквакультура басқармасының бастығы Мирас Маратұлы Ғаббасов және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры Исбеков Қуаныш Байболатұлы ресми баяндамалар жасады. Вебинарды модератор ретінде әрекет еткен Хайдар Ферсой алғыс сөздерімен қорытындылады.

Мінеп-сынау қалтыру

Cіздін email адресініз ашық көрініске жарияланбайды. Required fields are marked *