25.07.2019

БАЛЫҚШЫЛАР СЛЕТІ ӨТТІ


Арал өңірі балықшыларының слеті 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Бұл жолғы салтанатты шарада қысы-жазы дамыл таппай, теңізден маржан сүзген балықшылар Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен және «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ сала үздіктеріне арнайы номинациялар беріліп, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ғалымжан Ысқақов, «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС Арал филиалының ғылыми қызметкері:

Бізде 2018 жылы үш жылдық жоба ашылған болатын. Сол жобаның бірі — көксерке балығын өсіру. Мақсат — балықтың табиғи қорын көбейту. 2019 жылы жақсы жетістіктер көрсеттік, нәтижесінде еңбегіміз бағаланып жатыр.   Ақ толқыны жағаға құлаш ұрып, балығы тулаған теңіз 80-ші  жылдардан бастап тартылып, аймақта балық шаруашылығы тұралады. Нәпақасын теңізден терген ағайын елден үдере көшті. 2005 жылы Елбасының тапсырмасымен САРАТС жобасының бірінші кезеңі аясында  Көкарал бөгеті бой көтерді. Нәтижесінде Кіші арал кемеліне келіп, теңізде тіршілік түрленді. Ауданда балық аулау көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 20 есеге өсіп,  400-ден 8 мың тоннаға дейін жетті. Бүгінде Арал өңірінде жылдық қуаттылығы 18 900 тонна болатын жеті балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Балық өнімдері ТМД және Еуропа елдеріне экспортталуда.

қайнар көз: https://kaztrk.kz/news/qogam/balyqshylar-sleti-otti-130358

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *